«Малефисента: Түнек әміршісі» қазақ тілінде сөйледі. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әлемдік картинаның қазақ тілінде дубляждалған алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл - отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шыққан 32-ші фильм.
Туынды «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалды. Бұл әлеуметтік жоба Голливуд фильмдерін қазақы аудиторияға жеткізуді мақсат етеді. Ал кино – Түнек перизаты мен болашақ патшайымның арасында сиқырлы орманды қорғау барысында пайда болатын күрделі қарым-қатынаспен өріледі.
Армангүл Тоқтамұрат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Малефисента: Түнек әміршісі» қазақ тілінде прокатқа шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117871/)