Сауд Арабиясының қасиетті қаласы Мекке маңында автобус апатқа ұшырап, 35 адам қаза тапты. Мұны бүгін «Сауди Пресс» агенттігі хабарлады. Оқиға сәрсенбі күні таңғы сағат 7:00-де Мекке мен Мәдина қаласы арасындағы жолда болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Жергілікті билік трагедияның себебін әзірге жариялаған жоқ. Қажылыққа барып, жол апатынан құрбан болғандардың көбі - азиялықтар мен арабтар.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мекке маңындағы автобус апатынан 35 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/117896/)