Бүгін елордада неміс бизнесінің III конференциясы басталды. Шараға Еуразиялық одаққа мүше елдерінің сауда палатасы өкілдері қатысты. Алқалы жиын барысында Еуразиялық одаққа мүше елдермен арадағы сауда-саттықты жандандыру мәселесі сөз болды.
Мәселен, өткен жылы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық 5 млрд долларға жеткен. Көбіне Германия біздің елден шикізат өнімдерін сатып алады. Керісінше қазақ елі еуропалықтардан көлік, электрожабдықтар әкеледі.
Александр Шпаак, Орталық Азиядағы Германия сауда өкілдігінің басшысы:
Неміс бизнесі Еуразиялық одақпен сауда-саттыққа ерекше мән береді. Арадағы алыс-берісті реттейтін кейбір заңанамалық регламенттерге бүгін өзгерістер енгізіп, кеңінен талқылаймыз деп ойлаймын. Цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланысты нығайту көделген.
Ғабит Бөкенбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық 5 млрд долларға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118069/)