![Елбасы Цукуба университетінің құрметті докторы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/10/23/1571811071189.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің құрметті докторы атағы берілді. Елбасына құрметті доктор куәлігін Цукуба университетінің президенті Кёсукэ Нагата табыс етті.
айта кетейік, Цукуба университеті - Жапонияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 30-ға жуық алдыңғы қатарлы зертханасы мен ғылыми-зерттеу мекемесі бар. Университет әлемнің 61 елінің 320 университімен және институтымен академиялық серіктестік қатынасты жолға қойған. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ҰПУ Педагогика және психология институты бар.
Қазіргі уақытта Цукуба университетінде елімізден 6 магистрант пен 4 докторант білім алып жатыр. Жалпы, осы уақытқа дейін 105 қазақстандық студент гуманитарлық мамандықтарда білім алды.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Цукуба университетінің құрметті докторы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118114/)