![Елордада жолаушылар автобусы өртенді](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/10/24/1571891155790.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді.
Бүгін сағат 09:17-де Нұр-Сұлтан қаласы «101» пультіне Б.Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабар түсті. 09:21-де алғашқы өрт сөндірушілер жеткен кезде автобустың қозғалтқышы мен артқы бөлігі жанып жатқан. Салонда жолаушылар болмаған. Өрт 09:31-де сөндірілді. Оны сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен 2 техника тартылды.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада жолаушылар автобусы өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118159/)