АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті қаулап, 2 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Соңғы мәліметке қарағанда, тілсіз жау мыңдаған гектар жасыл желекті жалмаған. Былтыр мұнда осындай апаттан 100-ге жуық адам қаза тапқан еді.
Жалынның тіпті өршіп, жан-жағын тез шарпуына ұйытқыған жел көмектесіп жатыр. Қауіп күшейгендіктен, жеті елді мекен мен қалада 300 мыңнан астам клиентке жарық беру тоқтатылуы мүмкін. Солардың ішінде Лос-Анджелес пен Бернардино бар. Тағы 15 округте 180 мыңдай үй электр жүйесінен ажыратылды.
Жергілікті басшылықтың мәлімдеуінше, өртті сөндіруге жүздеген маман жіберілді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та орман өртінен 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118216/)