Атырауда сарбаз менингит ауырынан қайтыс болды. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген ол 5 сағаттан соң жан тапсырған. Сарбаз Қызылордадан шықыртылыпты. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты 20/16 әскери бөлімшесінде борышын өтеген. Қазір осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Әскери бөлімшелерде бақылау күшейді.
Гүлнафис Танбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Осы айтылған әскери бөлімшеге барып, сол жердегі сарбазбен қарым-қатынаста болған 130 сарбаз қаралды. Оның ішінде 54 сарбаздан жедел респироторлық инфекция клиникасы бар деп табылып, оларға алдын алу мақсатында антибиотиктік терапия тағайындалды. Барлық сарбаздар дәрігерлердің бауқылауында.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда сарбаз менингиттен қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118317/)