Жыл басынан бері кәмелетке жасы толмағандардың қатысуымен 61 заңбұзушылық жасалды. Ал былтыр 53 дерек тіркелген.
Өңірде топ болып төбелесу, бұзақылық, ұрлық, дене жарақатын салу жиіледі. 9 айдың ішінде Ақтауда осындай қылмыстарға қатысы бар 95 жасөспірім есепке алынды. Оның 11-і сот шешімімен мамандандырылған мектеп-интернатқа жіберілді. Балалар арасында заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында полицейлер рейдттік тексерулер жүргізіп жатыр. Бір айдың ішінде түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген жасөспірімдерге қатысты 60 хаттама толтырылған.
Гүлжан Мұхамбетқызы, Ақтау қалалық полиция басқармасы ювиналдық полиция бөлімшесінің бастығы:
Жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюі ата-ананың балаға деген немқұрайлығы, тікелей ата-аналық міндетін орындамауы салдарынан бала қараусыз қалады. Осындай себептермен күнде кем дегенде 5 бала ұсталады.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118368/)