Барселонада тәуелсіздік жақтастары жергілікті теміржол вокзалын қоршап алды. Олардың билікке қойған негізгі талабы – Каталонияның Испаниядан бөлінуі үшін күрескен сепаратистік лидерлерді түрмеден босату.
Шерушілер жолаушылардың станцияға кіріп-шығуына кедергі жасауға әрекеттенді. Алайда полицейлер оларды бекетке тым жақындатпаған.
Барселонада Испания үкіметіне қарсы ауқымды демонстрациялар қазанның 14-інде басталды. Наразылық акцияларының күшеюіне Каталонияның 9 сепаратист жетекшісінің 2017 жылы тәуелсіздік референдумын ұйымдастырды деген айыппен 13 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы себепші.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Барселонада шерушілер теміржол вокзалын қоршап алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118370/)