Ақтөбеде банк қызметкері 20-ға жуық адамды алдап, миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.
Полицияға қазірдің өзінде шоттарынан ақша жоғалғанын айтып, 5 адам шағым түсірген. Тергеу көрсеткендей, күдікті келушілерге интернет банкингпен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетіп берген. Сол арқылы құпия сөздерін жазып алып отырған. Ол 17 адамның шотынан 1 миллион теңгені жымқырғаны белгілі болып отыр.
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, биыл өңірде барлығы 28 кибер қылмыскер ұсталған.
Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Банк клиенттері полиция тарапынан шаралар қабылданғанға дейін олардың шоттарынан ақша жоғалуына назар аудармаған. Нәтижесінде күдікті 1 млн-нан астам қаржыны аудару бойынша 240 операция жасаған. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, іс сот қарауында жатыр.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде банк қызметкері клиенттің шотынан ақша жымқырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118463/)