Атырау облысында жемқорлық өршіп барады. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында аймақ басшысы осы індетпен қалай күресіп жатқанын баяндады.
Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, облыста партияның 2015-2025 жылдарға арналған «Жемқорлықпен күрес» бағдарламасы жан-жақты іске асырылып жатыр. «Дегенмен бармақ басты, көз қысты әркеттер азаймай тұр»,- дейді әкім. Тіпті, соңғы жылдары жемқорлық дерегінің өскені байқалады. Сөйтіп үш жылда пара беріп, немесе алғаны үшін 400-ге жуық адам істі болған. Жауапқа тартылғандардың басым бөлігі білім, денсаулық сақтау және ауылшаруашылығы салаларында қызмет еткен. Енді Ноғаев цифрлық жүйені одан сайын дамытып, жемқорлықты түп-тамырымен жоймақ ойда.
Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:
Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алудың бірден-бір жолы – мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты орындаушы мен азаматтардың жеке кездесуін яғни, адами факторды болдырмау. Сондықтан әр саладағы сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алудың бірден-бір тетігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының сәтті әске асырылуы деп есептейміз.
Досжан МАРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында жемқорлық өршіп барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118485/)