![Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жалдамалы пәтер салынуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/4/1572846572298.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2022 жылдан еліміздің басқа да өңірлерінің жастарына жалдамалы пәтер салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
2019 жылы 3 000 пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілетін болады. Болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Ал тұрғын үй алаңы - кемінде 40 шаршы метр. Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерге құжаттар қабылдау бүгін басталды. Алматы қаласы бойынша 200-ден аса өтінім түскен. Алдағы 3 жыл ішінде осындай 9 мың пәтер беріледі. Сонымен бірге, егер Сіздер қолдасаңыздар, жастарға арналған жалдамалы баспананы еліміздің басқа да өңірлерінде 2022 жылдан бастап салу мәселесін көтеруге болады», - деді министр.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жалдамалы пәтер салынуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118575/)