Байқоңырда азаматтық қорғаныс пен күштік құрылымдардың «Протон-2019» республикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Далалық жерде ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырантасығыштардың апатына қарсы арнайы жасақтардың дайындығы пысықталды.
Қазақстан мен Ресейдің бірлескен оқу-жаттығуына 70-ке жуық техника, 300-ден астам адам жұмылдырылды. Жоспарға сәйкес ғарыштан зымырантасығыш құлаған жағдайда азаматтық қорғаныс пен күштік құрылымдардың шұғыл іс-қимыл әрекеті көрсетілді. «Жалпы, мұндай қауіп-қатердің алдын алу кезінде жеке құрам сақадай сай, дайын болуы қажет», - дейді төтеншеліктер.
Асылхан Құдайбергенов, ҚР ІІМ ТЖК басқарма басшысы:
Оқу-жаттығу аясында Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырантасығышты дер кезінде анықтап, залалсыздандыру жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ, ең бірінші сол аймақтағы халық ақпараттандырылып, эвакуация жасалынды. Мұндай кезде төрт түлікке дейін апат аймағынан оқшауланып, көшіріледі. Одан соң зақым келген жер аумағына рекультивация жасалмақ.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылода облысында «Протон-2019» оқу-жаттығуы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118598/)