Алматыдағы көшелердің біріне дала данышпаны, жырау Мөңке би Тілеуұлының аты берілді. Салтанатты шараға тарихшы-зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері мен бидің ұрпақтары қатысты.
Мөңке би - XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тарихи тұлға, кемеңгер ойшыл. Би туралы Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Жұбанов еңбектерінде, жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Елең-алаң» романында тарихи деректер көрсетілген. Шара аясында ғылыми-тәжірибелік жиын мен би туралы тарихи деректер, аңыз әңгімелер жинақталған кітап таныстырылды.
Смағұл Елубай, жазушы:
Мөңке би кезінде тек қана жырау болмаған, тек қана би болмаған, сонымен қатар атқа мінген тұлға да болған. Хан Әбілқайырдың үлкен билерінің бірі болған.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы көшеге Мөңке бидің есімі берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118651/)