«Тіл - достықтың алтын көпірі». Дәл осындай атауды арқау еткен байқау елордадағы Достық үйінде өтті. Шараға бас қаланың 8 этномәдени ұжымының өкілдері қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін көпшілік алдында дәлелдеді.
Байқау Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтті. Байқау мақсаты – мемлекеттік тілді үйренуге үгіттеу, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастарды қазақ мәдениеті мен шығармашылығына ынталандыру, патриотизмді тәрбиелеу.
Ғабит Бөкенбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Тіл - достықтың алтын көпірі» байқауы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118690/)