![Елімізде 2020 жылғы демалыс күндері ауысты](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/7/1573099785076.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», - делінген Қаулы мәтінінде.
Яғни, Жаңа жылда қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі күні жұмыс істейді. Сондай-ақ 7, 8, 9, 10 мамыр да демалыс күні саналады. Желтоқсанның 16-сы, 17-сі, 18-і, 19-ы да - демалыс күні.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 2020 жылғы демалыс күндері ауысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118738/)