Атырауда зұлмат жылдары халықты өлімнен құтқарған құмаршық өсімдігіне ескерткіш орнатылды. Қаланың орталығына қойылған композицияның биіктігі 5 метрге жуықтайды. Бірегей туындының идея авторы - ҚР Журналистер одағының мүшесі Тұрсын Қалимова.
Ескерткіште дәннен шыққан киелі шөптің өзі мен сол кездегі жұртшылықтың құмаршықпен біте қайнасқан тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Өсімдіктің тағамдық құндылығын білген ата-бабаларымыз оның дәнінен ұн жасап, нан пісіріпті. Дәмі тіл үйірер ботқа да қайнатқан. Тұқымынан май алған. Сондай-ақ онымен құм көшкінін де тоқтатқан.
Мұрат Бектенов, өлкетанушы:
Мынау соғыс жылдарында қандай қиындық болса да, Тайсойған, Нарын құмы адамдары аштан өлмеген. Халық азып-тозып, жан-жаққа көшпеген. Осы құмаршықтың арқасында. Қазіргі ұрпақ осы құмаршыққа борыштымыз.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда құмаршық өсімдігіне ескерткіш қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118744/)