![Алдағы 2 жылда еліміздегі 6 мың шақырым жол ақылы болады](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/8/1573187873779.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алдағы 2 жылда Қазақстандағы жолдардың 6 мың шақырымы ақылы болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жолдарды ақылы етуге бағытталған жоба 2 кезеңде енгізіледі деп жоспарлануда. Алғашқы кезеңде, яғни 2020 және 2021 жылдардың аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымы ақылы болады», делінген хабарламада.
Ақылы болатын жолдар – Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдарының учаскелері.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алдағы 2 жылда еліміздегі 6 мың шақырым жол ақылы болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118789/)