Қарағанды облысындағы Саран шахтасында 34 жастағы кенші өндіріс жабдықтарының арасына қысылып, мерт болды.
Қазір Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мен Көмір департаментінің қауіпсіздік техникасы мамандарынан құрылған комиссия қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеріп жатыр. Марқұм Рүстем Құтжанов 2017 жылы шахтаға жұмысқа шығып, жер асты қыртысын бұзумен айналысқан. Кеншінің артында әйелі мен 11 айлық баласы қалды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Саран шахтасында кенші мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118803/)