Ресми диалог бейресми байланыспен бекітілді. Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыдағы ынтымақтастық форумынан соң бір-біріне сыйлық жасады. Қазақ басшысы ресейлік әріптесіне халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай шығарылған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын тарту етті. Ал Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат табыстады.
Қазақ басшысына деген ерекше құрметті Владимир Путин әуежайда тағы бір мәрте көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаевты ұшағына дейін өзі шығарып салды. Бұл ишараттан қос ел басшылары әріптестікті әртүрлі деңгейде одан әрі нығайтуға мүдделі екенін аңғаруға болады.
Ержан ЖАҚЫП
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыда бір-біріне сыйлық жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118850/)