![Президент елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/11/1573450745604.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118875/)