Атырау облысына қарасты Индер ауданында 32 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 20-дан астам отбасы қоныс тойын тойламақ. Жаңа пәтерлер «Ару Ана» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Іргелі іс «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Пәтерлердің жалпы ауданы - 110 шаршы метр. Бүгінде облыс бойынша 28 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Қалада 60-тан астам көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олардың бірқатары жуық арада пайдалануға берілмек.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында 32 көпбалалы отбасыға баспана берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118896/)