Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

11.11.2019

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Мұны президент Хасан Рухани мәлімдеді. 

Оның айтуынша, кен орнының тереңдігі - 80 метр. Ал 53 миллиард баррель қолжетімді жерде сақталған. Рухани келтірген өзге бір мәліметке қарағанда, осы көмірсутегінің 1 пайызын шығарғанның өзінде Ислам Республикасының қазынасына 32 миллиард доллар кіріс келеді екен.

АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат агенттігінің дерегінше, Иран мұнай қоры жағынан әлемде төртінші, газ резерві бойынша екінші орын тұр. 

Айта кетсек, Вашингтон бұл мемлекетпен 2015 жылы жасалған ядролық келісімнен былтыр шығып, санкцияларды қайда қалпына келтіріп, елдің мұнай саудасын шектеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу