Бүгін елордада жыл сайын дәстүрге айналған «Астана клубының» отырысы басталды. Халықаралық пікірталас алаңының V басқосуында халықаралық сарапшылар тәуекелдер рейтингісін жариялады.
Сын-қатерлер қатарына сауда соғысы, АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы, жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі, технологиялық үстемдіктің үдеуі, экономикалық құлдырау сынды проблемалар енген. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған саясаткер, сарапшылар ғаламдық проблемаларды ортаға салып, оны шешу жолдарын талқылады.
Әсима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуразия үшін басты 10 сын-қатер белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118904/)