Өткен демалыс күндері Көкшетау қаласында «Ән – көңілдің ажары» атты ІІІ республикалық фестиваль өтті. Дәстүрлі шараны Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония ұйымдастырып отыр. Байқау үздік ән, хор, ансамбль, дуэт, би шеберлерін анықтауға бағытталған 5 номинациядан тұрды.
Фестивалге қатысуға 18 шығармашылық ұжымнан 250-ге жуық өнерпаз қатысты. Осылайша тамаша талант иелері өнердің сан саласын қамтып, көреременге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда «Ән – көңілдің ажары» атты фестиваль өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118907/)