![Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/12/1573535608349.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Нұр-Сұтанда трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқиға сағат 09:10 шамасында болды. Пушкин көшесімен тіке кетіп бара жатқан №40 жолаушылар автобусына трактор жүргізушісі жол бермеген, ол Пушкин көшесіне солға бұрылмақ болған. Салдарынан жол апаты орын алды. Автобуста жолаушылар болған. Қазір тексеру жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118930/)