![Әлихан Смайылов қаржы игеруде көш соңында қалған ведомстволарды атады](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/12/1573536606751.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында бюджет қаржысын игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады.
Бірінші вице-премьердің айтуынша, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 10,1 млрд теңге игермеген. Білім және ғылым министрлігі - 9,3 млрд теңге; Индустрия және инновациялық даму министрлігі - 7,8 млрд теңге; Мәдениет және спорт министрлігі - 6,1 млрд теңге; Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі - 5,1 млрд теңге.
«Игермеудің негізгі себептері - мемлекеттік мекемелердің қайта ұйымдастырылуы, орындалған жұмыстар актілерінің уақтылы ұсынылмауы, шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі», - деді Ә.Смайылов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов қаржы игеруде көш соңында қалған ведомстволарды атады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118931/)