Нұр-Сұлтанда трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Апаттың салдарынан 7 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың алтауы амбулаторлық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды. Бір адам әлі емханада.
Оқиға таңғы сағат 9:00 кезінде Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Полиция департаментінің айтуынша, қиылыста солға бұрылған трактор қарсы бағытта келе жатқан №40 жолаушылар автобусына жол бермеген. Қазір оқиғаға қатысты мән-жай зерттеліп, кінәлілер анықталып жатыр.
Аманкелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада трактор мен автобус соқтығысып, 7 адам жарақат алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118941/)