Нұр-Сұлтанда қар тазалайтын трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды. Апаттың салдарынан 7 адам жарақат алып, №1 ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың алтауы жедел көрсетілген көмектен кейін үйлеріне қайтарылған. Ал бір адам әлі де емханада жатыр. Айта кетейік, оқыс оқиға таңғы сағат 9 кезінде Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қиылыста солға бұрылған трактор қарсы бағытта келе жатқан №40 жолаушылар автобусына жол бермеген. Қазір оқиғаға қатысты мән-жай зерттеліп, кінәлілер анықталып жатыр.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда трактор мен автобус соқтығысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118967/)