Алматыда «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды.
Кезінде редакция орналасқан үйге қойылған мемориалды тақтаның ашылу салтанатына ақын-жазушылар мен ардагер журналистер қатысты. Ең алғаш 1919 жылы «Ұшқын» болып шыққан мерзімді басылымның атауы осы күнге дейін 5 рет ауысқан.
Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сынды Алаш арыстары басқарған басылымда қазір 100-ден астам қызметкер жұмыс істейді.
Бауыржан Жақсымбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас басылымға ескерткіш тақта орнатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/118996/)