АҚШ-тың Калифорния штатында 16 жастағы оқушы мектепте оқ атып, 2 бала мерт болды. Тағы үшеуі жараланған. Оқиғадан кейін күдікті өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда ол басына тиген оқтан ауыр жараланып, қазір ауруханада жатыр.
Оқиға Санта-Кларита қаласының оқу мекемесінде таңғы сағат 07:30-да болды. Жасөспірім мектепке келе сала, жартылай автоматты тапаншадан сыныптастарына оқ жаудырған. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазір жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та мектепте атыс болып, 2 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119112/)