Мүмкіндігі шектеулі балаларды бөліп-жармай, дені сау ұл-қыздармен бір мектепте оқыту керек. Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен инклюзивті қоғамды дамытуға арналған дөңгелек үстелде осындай бастама көтерілді.
Жалпы инклюзия – бұл білім алуды ғана емес, дені сау адамның кембағал жанға қамқорлық көрсетіп, олармен тең дәрежеде өмір сүруін білдіреді. «Сондықтан оны іске асыруды мүгедектерге арналған балабақша мен мектептерді жабудан бастау керек», - дейді белсенділер.
Айта кетерлігі, қазір елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Шара барысында олардың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған конвенцияның қалай орындалып жатқаны да сөз болды.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мүгедек балалар дені сау ұл-қыздармен бір мектепте неге оқымайды?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119116/)