![Францияда аспалы көпір құлады, адам шығыны бар](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/19/1574134404837.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Францияның оңтүстігінде аспалы көпір құлап, бірнеше адам жоғалып кетті, 1 адам қайтыс болды.
Оқиға 18 қарашада болған. Тарн өзеніндегі 155 метрлік аспалы көпір шамадан тыс зат тиеген жүк көлігінің салмағын көтере алмаған. Нәтижесінде опырылып, 3 автокөлік суға кеткен. Құтқарушылар тек 4 адамды ғана жағаға алып шыққан. 15 жастағы қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. Ал бірнеше адам із-түзсіз кеткен.
Аспалы көпір 2003 жылы жөндеуден өткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: segodnya.ua
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Францияда аспалы көпір құлады, адам шығыны бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119222/)