Бүгін «Өз еліңді таны» атты республикалық жастар экспедициясы басталды. Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысының сакралды жерлерін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенді жастар қатысуда.
Экспедиция екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде «Өз еліңді біл» тақырыбында мотивациялық кездесулер өтеді. Онда викторина және Қазақстан тарихын білуге арналған квест ойыны ұйымдастырылады.
Сондай-ақ елорданың және Ақмола облысының тарихи жерлерін аралайды.
Ақерке Берікбекқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жастар елорда маңындағы тарихи орындарды аралайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119251/)