![Елордалық оқушыларға тағы да сабақ болмайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/20/1574217889358.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қатты аязға байланысты бүгін елордада бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Бұл туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы таратты.
«20 қарашада қатты аязға байланысты (-27 градус) бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген хабарламада.
Ескерте кетейік, мұндай мәліметті білім беру саласы органдары мәлімдейді. Хабарламалар бірінші ауысымдағы оқушылар үшін сағат 6:15-тен бастап, ал екінші және үшінші ауысым жөнінде сағат 12:00-ден бастап таратылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық оқушыларға тағы да сабақ болмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119281/)