Ерлігі елге үлгі. Ақтөбеде «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Шара аясында сын сағатта ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Жиналғандар алдымен еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған 14 қызметкердің ерлігі баяндалған бейнероликті тамашалады. Ішкі істер министрлігінің өкілі мен облыс басшылығы бейбіт күннің батырларын Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сын сағатта ерлік көрсеткен полицейлерге құрмет көрсетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119299/)