Израиль әуе күштері Иран мен Сирияның ондаған позициясына соққы берді. Олардың қатарында әскери база, қару-жарақ қоймалары және қарулы күштердің штаб-пәтері бар. Тель-Авив мұндай шабуылға өз аумағына көрші елден зымырандар жіберілгеннен кейін және Иранның Сириядағы әскери нысандарын талқандау мақсатында барған.
Бірақ Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израильдің соққысынан 2 бейбіт тұрғын қаза тапты. Өзге бір мәліметтерге қарағанда, 11 тұрғын мерт болған. Ал, араб республикасының авиациясы Израиль ұшақтары атқан ондаған ракетаны құлатқанын хабарлап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израильдің әуе соққысынан 11 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119328/)