Австралияда орман өрті бүкіл елге тарап отыр. Бүгін оның 200-ге жуық ошағы сөндірілді. Ал Сиднейді үш күннен бері қара түтін торласа, Викторияда ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, от жағуға тыйым салынды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өрттен 6 адам қаза тауып, миллион гектар егістік алқабы мен жүздеген үй күлге айналды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Австралиядағы өрт ел аумағына тез тарап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119362/)