Есірткі жарнамасын ілген делдал ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі жарнамасын ілген делдал ұсталды

21.11.2019

Дау тудырған есірті жарнамасына қатысты жаңа дерек. Бүгін Ішкі істер министрлігі ресейлік наркобаронға елімізде есірткі саудасын қыздыруға көмектескен делдалдың ұсталғанын мәлімдеді. Қарағандылық азамат Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен секілді ірі қалалардың қақ ортасында баннер іліп, наркотауарларды жарнамалаумен айналысқан. Ал Ресейдегі басты есірткі тасымалдаушыны еліміздің полицейлері әріптестерімен бірігіп ұстамақ. Әкімдік пен отандық жарнама беруші компаниялардың бұған қалай жол беріп қойғанын тілшіміз Досжан Маратұлы айтады.

Хабарламаларға жазылу