Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының VII отырысына қатысты. Жиын барысында қауіпсіздікке және тұрақтылаққа бағытталған қазіргі сын-тегеурін мен қауіп-қатерлер жайы сөз болды. Ауғанстандағы ахуал, киберқауіпсіздік саласындағы қазіргі тенденциялар бойынша пікір алмасты. Жиында ынтымақтастық бойынша бірнеше ортақ құжатқа қол қойылды.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ТМД елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшылары Ауғанстандағы ахуалды талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119420/)