Адам ағзасын заңсыз саудалауға қатысты тергеліп жатқан шымкенттік дәрігердің ісіне қатысты Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева пікір білдірді. Оның сөзінше, дәрігерді өзге қылмыскерлер сияқты қатаң жазалап, бас бостандығынан айыру қажет емес. Өйткені ол кінәсіз деп танылса, науқастардың алдына қайта оралуы керек. Вице-министр Қазақстанда 52 трансплантолог дәрігердің барын айтып, олардың бәрі қызметін абыройлы атқарып жүргенін атап өтті.
Денсаулық сақтау саласының мамандары Қазақстанда ағза ауыстыру операциясының құнын айтты. Атап айтсақ, бүйрек ауыстыру 3 млн 200 мың теңге тұрады. Бауыр трансплантациясы - 5 млн 800 мың. Ең қымбаты - жүрек. Оны алмастыру - 25 миллион теңге. Дегенмен, осындай отаның барлығы мемлекетте міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін жүргізіледі. Оған биыл 3 млрд 200 млн теңге бөлінген.
Фариза Мұсақызы