Үкімет басшысы Асқар Мамин Швейцарияның Федералды Президенті Ули Маурермен келіссөздер өткізді. Кездесуде Қазақстан қолайлы инвестициялық ахуал мен бизнесті дамыту үшін жағдай жасап отырғаны айтылды. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық, туристік, зергерлік салаларда және денсаулық сақтау мен білім беру, жасыл экономика мен су шаруашылығы бағытындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин Швейцария Президентімен келіссөздер өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119442/)