Түркістаннан 40 шақырым жерде Сырдариямен түйісетін түбек бар. Тораңғы мен жиде қаптаған сол түбекті бұқар бұғылары мекендейді. Қалың тоғайды жайлаған жануарларға жалғыз адам бас-көз болып отыр. Мұсахан Жүзеев «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінде бұғы бағады. Қасына жан жуытпайтын жабайы, өте сақ, аса кербез жануар оның қолынан жем жейді, су ішеді. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Гүлжазира Ғалиқызы бұғышымен барып кездесті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арна тілшісі бұғышының бір күндік өмірін көріп қайтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119463/)