Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы табиғатты қорғаушыларға жаңа көлік және заманауи құрал-жабдықтар табыс етілді. Жол талғамайтын техника БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында алынған. Басты мақсат - табиғат қорғаушылардың материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы өсімдік пен жануарлар әлемін қорғау шараларын күшейту.
Облыстағы 3 мемлекеттік табиғи қорық пен бір орман шаруашылығына көлікпен қатар, фототұзақтар және радио байланыс құралдары сыйға берілді.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Табиғатты қорғаушыларға қызметтік көлік берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119497/)