Кешегі Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қатаң бақылауда. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына бас-аяғы 11 адам жеткізілген. Аяқ-қолы сынған 3 адам травматология бөліміне жатқызылған. Көкбауыры езілген бір азаматқа операция жасалған. Жағдайы ауыр 8 адам жансақтау бөлімінде. Оларға санавиациямен нейрохирург, торокалды хирургтер дереу көмекке келіп, тиісті ем-дом жасаған. Соның арқасында бүгін екі науқастың жағдайы жақсарып, травматология бөліміне ауыстырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119510/)