Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық белең алып, қысым көрсету көбейді. Осы мәселеге байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен республика көлемінде буллинге қарсы семинарлар өтті.
Суицидті болдырмауға әрі білім деңгейін арттыруға бағытталған шараға 500-ден астам маман қатысқан. Олардың сөзінше, бұзақылық жасайтын немесе керісінше қысым көрген оқушыларға алдымен психологиялық тұрғыда көмек көрсету керек. Дегенмен әр балаға жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізетін маман жеткіліксіз.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жасөспірімдер арасында қысым көрсету көбейген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119544/)