Бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында аталған тақырыптағы түйткілді мәселелер кеңінен талқыланды. Қаржы министрлігі осы салада аудиторлық тексерулер жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жөнінде ақпараттың аздығын, кәсіпкерлердің қатысуында шектеулер барын айтты. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия дәл осы саладағы заңбұзушылықтарды жою жөнінде кешенді іс-шаралар қабылдауды және бақылауды күшейту жүйесін бекітті.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Уәкілетті органдар мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің әлеуетін тиімді әрі толыққанды қолдана алмай отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119560/)