Нарықтағы екі ірі өндіруші өзара келісіп, заңсыздыққа барған. Құзырлы орган өкілдері жүргізген тексеріс нәтижесі осыны көрсетті. Көкшетаудағы нарықтың 50 пайыздан астам үлесін қамтитын «Көкше-Нан» және «Кокшетауский хлебзавод» серістестіктері бірінші сұрыпты нан бағасын 5-10 теңгеге өсірген. Екі кәсіпорынға да ескерту жасалды. Олар он күн ішінде заңбұзушылықты жоюға міндетті. Тергеу нәтижесінде монополиялық табыс толық тәркіленіп, 5 пайыз айыппұл салынуы мүмкін.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда қазан айында нан бағасы негізсіз көтерілген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119578/)