Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің күдігіне іліккен автобус жол ережесін сақтамай, қала ішінде жүйіткіп жүрген. Қоғамдық көлікті тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің алькоголдік ішімдік ішкені анықталды. Жалпы «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында сақшылармен мас күйінде көлік басқарған 14 адам ұсталып, тәртіптік жазаға тартылды.
Ә.СЕРІКҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада жол сақшылары ішімдік ішіп автобус тізгіндеген жүргізушіні ұстады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119594/)