![Қай университеттердің лицензиясы уақытша тоқтатылды?](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/11/28/1574918048191.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Білім және ғылым министрлігі еліміздегі 13 университетті тексерді. Олардың бесеуінің лицензиясы бір айға тоқтатылып, 12 ЖОО-ға айыппұл салынды, 1 университеттің ісі сотқа жіберілген болатын.
Ведомство өкілдері қай университеттердің лицензиясы уақытша тоқтатылғанын атады. Олар:
- Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті;
- Павлодардағы Еуразиялық инновациялық университет;
- «Алматы» университеті;
- Өскемендегі Қазақстан-Америкалық еркін университеті;
- Ақтөбе халықаралық қазақ-орыс университеті;
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жыл соңына дейін тағы 12 ЖОО тексерілмек. Егер бұлардан құқықбұзушылықтар анықталса, лицензиясынан айырылып, ЖОО-ны жабу үшін құжаттар сотқа жіберіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қай университеттердің лицензиясы уақытша тоқтатылды?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/119626/)